Тұрсынбек Қабатов жалған құжат жасатуға еш қатысы жоқ екенін айтып, видео жариялады

Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатов ҰБТ-ға қызының орнына басқа адамды кіргізгені туралы ақпарат тараған еді.

Тұрсынбек Қабатов осы мәселеге қатысты пікір білдіріп, instagram парақшасында видео жариялады. Видеодағы әңгімеде ол жалған құжат жасатудан мүлде бейхабар болғанын, тіпті әйелі де білмегенін айтады. Мұның бәрін ҰБТ-ға дайындайтын орталық ұйымдастырған көрінеді.

Ал ҰБТ-ға дайындайтын орталықтың қызметкері мұны растап, өз әрекетін «сіздерді қуантқым келді» деп түсіндіреді.

Армысыздар құрметті Отандастар! Кешелі бері қызу талқыланып жатқан  келеңсіз оқиғаның шын мәнісінде қалай болғаны туралы түсіндіре кеткенді жөн санадым. Ата-ана ретінде бұл оқиға бізге де өте ауыр тиіп отыр. Қолдау білдіріп жатқан жандарға зор рахмет. Оқиға бойынша айтарым осы видеода, деді ол.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Kabatov Tursynbek (@kabatov_tursinbek_resmi)

Back to top button