Қазақстанның Әскери-теңіз күштері корабльдері Иран портына аттанды

Қазақстанның Әскери-теңіз күштері корабльдері Иран портына аттанды

Қазақстанның Әскери-теңіз күштері корабльдері Иран портына аттанды
ашық дереккөзі

Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің «Сарыарқа» және «Маңғыстау» зымыран-артиллериялық корабльдері «Теңіз кубогы – 2021» армиялық халықаралық ойындар конкурсына қатысу үшін Иранның Бендер-Энзели портына аттанды, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

«Сарыарқа» кораблі негізгі болып жарысқа түседі, ал «Маңғыстау» кораблі резервтегі корабль ретінде жіберілді. Халықаралық конкурсқа Әзербайжанның, Иранның, Қазақстан мен Ресейдің әскери теңізшілері қатысады.
– Кеме экипажының көңіл-күйі жақсы, дайындығы жоғары деңгейде. Әртүрлі корабльдік-жауынгерлік оқу-жаттығуларды, іс жүзінде оқ атуды өткізе отырып, жыл бойы армиялық ойындарға жоғары қарқынмен дайындалдық. Экипажымыз өз дайындығының нәтижесін көрсететіне сенімдімін, – деп өз ойымен бөлісті «Сарыарқа» зымыран-артиллериялық кораблінің командирі үшінші дәрежелі капитан Рауан Ергебеков.
«Теңіз кубогы» – Армиялық халықаралық ойындар бағдарламасына енгізілген алғашқы конкурстардың бірі. Теңіз дағдысын үздік меңгерген суүсті кораблінің экипажын айқындайтын жарыстар 2015 жылдан бастап өткізіліп келеді. Қазақстанның әскери теңізшілері 2015, 2016 және 2018 жылдары үш рет конкурстың күміс жүлдегері атанса, 2017 және 2019 жылдары үшінші орынды иеленді.