1 қыркүйекте Президенттік кадр резервіне үміткерлерді іріктеу басталады

1 қыркүйекте Президенттік кадр резервіне үміткерлерді іріктеу басталады

1 қыркүйекте Президенттік кадр резервіне үміткерлерді іріктеу басталады
ашық дереккөзі

1 қыркүйекте Президенттік жастар кадр резервіне үміткерлерді іріктеу басталады. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алдыңғы іріктеудің тәжірибесін ескере отырып, ел басшылығы резервке іріктеу жұмысын жүйелі түрде жалғастыру туралы шешім қабылдады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Президент жанындағы жастар кадр резерві жөніндегі Ұлттық комиссия резервке іріктеу тәртібін және оны өткізу жоспарын бекітті, оған сәйкес біз резервке іріктеуді биылғы 1 қыркүйектен бастаймыз. Нәтижесінде мемлекеттік сектор үшін 50 адам іріктелетін болады, - деді Анар Жайылғанова.