Балаларын қараусыз қалдырған әйел ата-ана құқығынан шектелуі мүмкін

Атырау қаласы Полиция басқармасының 102 операторына қала тұрғыны қоңырау шалып, Вокзал 3 ықшам ауданында орналасқан көпқабатты үйдің балконынан төрт жасөспірім баланың құлайын деп тұрғаны жөнінде хабарлама берген деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған хабарламаны естіп дереу жеткен полиция қызметкерлері тексеріс кезінде Ішкі істер органдарының “жайсыз отбасы” есебінде тұрған 31 жастағы қызылқоғалық әйелдің жасөспірім балаларын Атырау қаласында тұратын досының үйінде қараусыз қалдырып, ішімдік ішіп жүргендігін анықтады. Кейін қараусыз қалған төрт бала Атырау облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды.
Қазіргі уақытта 31 жастағы әйелге қатысты Атырау қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау комиссиясына жолдау үшін жинақталуда.

Back to top button