«Олар автомат шығарды»: полицейлер ұрып-соққан күзетшілер мән-жайды айтты (видео)

«Олар автомат шығарды»: полицейлер ұрып-соққан күзетшілер мән-жайды айтты (видео)

«Олар автомат шығарды»: полицейлер ұрып-соққан күзетшілер мән-жайды айтты (видео)
ашық дереккөзі
Қапшағай қаласында полиция қызметкерлері соққыға жыққан Del Mare кафесінің күзетшілері жағдайдың мән-жайын айтып берді, - деп хабарлады «Kapshagai Info» Youtube-арнасы. Оқиға 2021 жылдың 11 тамызына қараған түні болды. Қапшағайдағы Del Mare ойын-сауық кешенінде бірнеше полиция қызметкері осы мекеменің екі күзетшісін ұрып-соққан. Оқиға сыртқы бейнебақылау камераларына түсіп, кейін кадрлар әлеуметтік желілерде таралды.
Күзетшілердің айтуынша, полицейлерге мекеме жабылатыны туралы айтылған соң жанжал басталған. Бұл полицицейлерге ұнамаған көрінеді. Олар банкетті жалғастыруды талап еткен. Күзетшілер тағы да мекемеден кетуді сұрағанда, полицейлер оларды сыртқа шығарып, ұра бастаған.
"Del Mare кафесінде күзетші болып жұмыс істеймін. 10 тамызда полиция қызметкерлері демалуға келді. Олар мас болатын, біз жабылып жатқандықтан кетуді сұрадық. Олар бізге дөрекі сөйледіп, далаға шығуымызды сұрады. Шыққан сәтте күтпеген жерден жұдырық жұмсап, төбелес басталып кетті", - деді зардап шеккендердің бірі.
Екінші күзетші серіктесі соққыға жығылғаннан кейін, газ шашқанын айтты.
"Төбелес басталды. Кейін қашып кеттік те күзет бастығын шақырдық. Ол сыртқа шығып, сөйлесіп, жағдайды реттеді. Сол жерде олар автомат шығарды, бәрі видеода бар", - деді екінші күзетші.
Сондай-ақ, кафеде мас күйде төбелес шығарған полиция қызметкерлерінің бірі 2019 жылы Қапшағай қаласындағы Samruk Holl мейрамханасында болған осыған ұқсас оқиғаға қатысқаны белгілі болды. https://youtu.be/2sFiFb2w-5Q