Илон Масктің компаниясына ұсыныс жасадық – министр

Илон Масктің компаниясына ұсыныс жасадық – министр

Илон Масктің компаниясына ұсыныс жасадық – министр
ашық дереккөзі
  Қазақстанды жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етудің барлық мүмкіндігі қарастырылуда, – деп жазды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Facebook-тегі парақшасында. «Наурыз айының басында спутниктік интернет бойынша келіссөздер жүргізіп жатырмыз деген болатынмын. Нәтижесінде OneWeb жаңа буынды спутник арқылы интернетті тестілеу үшін жерүсті станциясының жабдықтарын монтаждай бастады (бұл Старлинктің баламасы, геостационарлық емес спутниктер). Илонк Маск компаниясына да тестілеуге қатысуға ұсыныс жасадық. Біз барынша Қазақстан халқын жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етудің жолдарын қарастырып жатырмыз. Тестілеудің барысы жайлы қосымша хабарлап отырамын», – деп жазды министр.