Жалған ПЦР нәтижесін сатқан медицина университетінің студенті ұсталды

Жалған ПЦР нәтижесін сатқан медицина университетінің студенті ұсталды

Жалған ПЦР нәтижесін сатқан медицина университетінің студенті ұсталды
ашық дереккөзі
Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде жеке медициналық орталықтың егу бөлмесінде медициналық қызметкер болып жұмыс істейтін 25 жастағы Х. есімді медицина университетінің студенті ұсталды, , – деп хабарлайды Polisia.kz. «Бізге келіп түскен жедел ақпаратты біз бірнеше күн бойы тексердік. Нәтижесінде бұл ақпарат расталды. Күдікті өз қызметін 20 мың теңгеге бағаланған. Аталған факт бірыңғай соталды тергеу реестріне ҚР ҚК 385-бабы 1-тармағы бойынша тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды. Өз кінәсін толық мойындап отырған Х. есімді азамат тек қана бір рет жалған ПЦР нәтижесін жасағанын алға тартып отыр. Тергеу барысында оның қанша адамға жалған құжат дайындап бергендігін анықтайтын боламыз, – деп мәлімдеді Алматы қаласы ПД-нің Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.