16 тамыз: атаулы күндер мен маңызды оқиғалар күнтізбесі

16 тамыз: атаулы күндер мен маңызды оқиғалар күнтізбесі

16 тамыз: атаулы күндер мен маңызды оқиғалар күнтізбесі
ашық дереккөзі
1989 жылы 16 тамызда Шығыс Қазақстан облысының (бұрынғы Семей облысы) Қарауыл ауылында «Невада-Семей» ядролық қаруға қарсы қозғалысының белсенділері ұйымдастырған наразылық шарасы өтті. Онда Қазақ ССР Жоғары Кеңесі мен АҚШ Конгресіне ядролық сынақтарға тыйым салу туралы үндеу мәтіні оқылды. 1993 жылы БҰҰ-ның штаб-пәтерінде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі мен Бас Ассамблеясының ресми құжаттары ретінде Б.Н. Ельцин мен Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен шақырылған Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан мен Өзбекстан басшыларының 7 тамызда Мәскеуде өткен кездесуі кезінде қол қойылған Тәжік-ауған шекарасындағы жағдайды қалпына келтіру бойынша шаралар жөнінде мәлімдеме мен Шекараға қол сұқпаушылық жөнінде декларацияның таратылғаны туралы БАҚ-та хабарлама жарияланды. 1999 жылы «Қазпошта» акционерлік қоғамы Бүкіләлемдік пошта одағының EMS кооперативіне қабылданды. 2006 жылы Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерінің басшылары Кеден одағын құру келісіміне қол қойды. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Кеден одағының аясында жалпы алғанда 92 құжатқа қол қою керек екенін атап өтті. 2010 жылы Шәмші Қалдаяқовтың мерейтойы қарсаңында Оңтүстік Қазақстан облыстық (қазіргі Түркістан облысы) мұражайында ұлы композитордың өмірі мен шығармашылығына арналған экспозиция ашылды. 2011 жылы Павлодар мемлекеттік педагогика институты тарих факультетінің студенттері ұстаздарымен бірге Әулиекөлдегі (Екібастұз) қазба жұмыстарын жүргізіп, орта ғасырға тән қолөнер бұйымдарын, Шығыс Еуропа және Қытайда соғылған күміс, мыс монеталарды тауып алды. 2012 жылы Бішкек қаласындағы «Манас» кинотеатрында Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Мәдениет күндерінің аясында қазақ киносының апталығы ашылды. Шара дипломатиялық қатынастардың орнатылуының 20 жылдығына орайластырылған. 2013 жылы Серік Сәпиев Қазақстандағы «Дене шынықтыру және спорттың дамуына қосқан үлесі үшін» мемлекеттік наградаға ие болды. 2013 жылы Ақтөбеде ұлы қазақ композиторы Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне орай оның атымен аталған көшеде орнатылған мемориалдық тақтаның салтанатты ашылу рәсімі өтті. 2013 жылы Габала қаласында (Әзербайжан) түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің ІІІ саммиті басталды. Саммит жұмысына Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. 2013 жылы қазақстандық студенттер Францияның оңтүстігіндегі Монпелье қаласында өткен IBM «Best student Recognition event-2013» (IBMBSRE) корпорациясының конференциясына қатысты. Жыл сайын IBM-ның әлемдік деңгейдегі сарапшылары әртүрлі елдердің ең озық бағдарламашыларын шақырып, өздерінің инновациялық, ғылыми, білім беру, экологиялық және бизнес-жобаларымен таныстырады. Қазақстаннан Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінен үш қатысушы шақырту алған. Олар Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар институтының докторанттары Тимур Қартбаев, Әлия Досжанова және Феруза Маликова. 2014 жылы Алматыда алғаш рет «Кiтапфест» кітап фестивалі өтті. Қазақстандық ақын-жазушылар - Ә.Нұрпейісов, Д.Қадіржанов, З.Наурызбаева, Павел Банников шара қонақтары болды. 2017 жылы Астанада орналасқан ҚР Ұлттық музейінде «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығы ашылды. 2017 жылы Қытайдың Сычуань провинциясындағы Наньчун қаласында өткен ХVII Батыс Қытай математика олимпиадасының жабылу салтанаты болды. Оған Қазақстан, Индонезия, Қытай, Сингапур және Филиппиннен 345 жас математик қатысты. Қазақстан құрамасының намысын төрт дарынды оқушы қорғап, 4 алтын медальмен оралды. 2018 жылы Астанада көрнекті жазушы Шыңғыс Айтматов атындағы көшенің ресми ашылу салтанаты болды. Даңғыл көшеге ұлы суреткер есімінің берілуі бауырлас халықтардың мызғымас достығының, Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы берік ынтымақтастықтың символы болды. Шыңғыс Айтматовтың өмірі мен шығармашылығы қазақ жерімен тығыз байланысты. Жазушының: «Шетелге өзіммен бірге ала жүретін екі ұлттық мақтанышым бар. Біреуі – «Манас», екіншісі – Мұхтар Әуезовтің кітабы», - деуі де тегін емес. 2019 жылы Қарағандыда алғаш рет Паркинсон ауруымен ауыратын науқастарға белсенді өмірін қалпына келтіруге мүмкіндік беретін бірегей операция жасалды. Отаның мәні – нейрохирургтар бас сүйегіндегі тесік арқылы мидың терең құрылымына арнайы нейростимуляторды имплантациялайды. Бұл құрылғы Паркинсон ауруына жауап беретін субтоломикалық галоның гиперактивтілігін басады. Осыдан кейін науқастарда аурудың барлық белгілері азаяды. Тағы бір артықшылығы – ота аз инвазивті. Асқыну мүмкіндігі шамамен 3% құрайды. 2019 жылы Қазақстан Орталық Азия елдері арасында бірінші болып Hpair Asia conference 2019 Гарвард конференциясы өтті. Нұр-Сұлтан қаласында өткен беделді халықаралық шараға әлемнің 40-тан астам елінен 500-ден аса қатысушы келді. Конференция аясында алты секция жұмыс істеді: жаһандық нарықтар мен экономика, Геосаясат және мемлекеттік басқару, БАҚ, мәдениет және өнер, әлеуметтік саясат және әлеуметтік әділеттілік, энергетикалық және экологиялық тұрақтылық.