Жаңалықтар

«Мектепке жол» акциясы аясында 30 балаға көмек көрсетілді

ашық дереккөзі

«Мектепке жол» акциясы аясында 30 балаға көмек көрсетілді

Атырау облысындағы Мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау қорының директоры Абдел Тәжікенов Атырау облыстық маслихатының депутаты А.Жолмұханованың қабылдауында болып, мүмкіндігі шектеулі 30 балаға «Мектепке жол» акциясы аясында мектепке қажетті жабдықтарын алып беруге көмек сұраған. «Nur Otan» партиясының «Кедергісіз келешек»  жобасы аясында мүгедектігі бар азаматтарға бұрын да жүйелі түрде қамқорлық көрсетіп жүрген мәслихат депутаты Асел Бауыржанқызы өтініш иесіне көмек көрсетуге дайын екенін білдіріп, мүмкіндігі шектеулі  3-9 сыныптарда оқитын 30 балаға мектепке қажетті құрал-жабдықтың толық жинағын табыс етті.