Тұрсынбек Қабатов ҰБТ-ға қызының орнына басқа адамды кіргізген бе?
Тұрсынбек Қабатов ҰБТ-ға қызының орнына басқа адамды кіргізген бе?
Белгілі заңгер Абзал Құспан "Тұрсынбек Қабатовтан көңілім қалды" дейді. Заңгердің айтуынша, ол Тұрсынбек Қабатовтың ҰБТ-ға қызының орнына басқа адамды кіргізгені туралы сенімді ақпарат алған. Бұл туралы Абзал Құспан Facebook-тегі парақшасында жазды.
"Кеше ҰБТ/ЕНТ қорытындысы шыққасын, әзірге өзіме ғана белгілі мына бір хабарламамен бөліскім келеді. Бұны маған жолдаған источник - жеке өзім танитын 100% сенімді адам. Стилистикасы сақталады. Істің номері, астанадағы қай аудандық полиция тергеді, т.б., мән-жайлар туралы қолым босағанда, қосымша жазатын боламын" деп жазды Абзал Құспан.
Заңгердің әлеуметтік желіде жазған мәліметіне сенсек, аталған заңбұзушылық бойынша, қылмыстық іс қозғалыпты.