Еліміздің алты өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Еліміздің алты өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Еліміздің алты өңірінде дауылды ескерту жарияланды
ашық дереккөзі
Қазақстанның алты облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет». Атырау облысында 15-17 тамызда оңтүстікте, 18-20 тамызда өңірдің басым бөлігінде 40-41 градусқа дейін аптап ыстық күтіледі. Өрт қаупі сақталуда. Батыс Қазақстан облысында 15-17 тамызда оңтүстікте, 18-20 тамызда басым бөлігінде 40-41 градусқа дейін өте күшті ыстық болады. Өрт қаупі бар. Алматыда 15-16 тамызда нөсер жаңбыр жауады, 14-16 тамызда найзағай жарқылдайды. 15 тамызда Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде 37 градус ыстық сақталады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м /с жетеді. Кейбір жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады. Шығыс Қазақстан облысында күн күркірейді.