“Шындығында адамның бағы ашылуы ата-анасының разылығында. Мен қандай бизнес жасамайын ең бірінші ата-ананың разылығын алу керек деген ұстанымым бар. Жастарға да, жұмысшыларыма да айтамын. Бизнестің кілті сонда. Не жасамайық адам болу керек. Әділетті болу керек. Берекет сонда болады. Түркия шындығында, кәсіп жүргізуге өте қолайлы. Ол жақта бір миллион долларға табыс көрсетіп берсең, әлемнің кез келген еліне баратын паспорт береді. Мықты бизнес жоспарың болса, оны үкіметке дәлелдей алсаң, саған қаржыны өздері құйып береді. Сыртқа экспортқа шығарсаң, жарты шығын мемлекет өз мойнына алады. Кәсіпкерлерге жақсы жағдай жасалған, жеңілдік көп”, – дейді кәсіпкер.