Қазақстандық кәсіпкер: Жан жолдасым қайтыс болған соң, оның әйелін тоқал етіп алдым

Қазақстандық кәсіпкер: Жан жолдасым қайтыс болған соң, оның әйелін тоқал етіп алдым

Қазақстандық кәсіпкер: Жан жолдасым қайтыс болған соң, оның әйелін тоқал етіп алдым
ашық дереккөзі
Қазақстандық кәсіпкер Батыр Сиябек кәсіптің қыр-сырын, бизнестегі адамгершілік қағидаттары мен отбасылық жағдайы туралы сөз қозғады. Ол жан жолдасының әйелін өзіне жар еткен. Жомарт кәсіпкер баспанасыз жүрген әйел мен оның балаларына пәтер беруге уәде етті. Бұл туралы “Уақыт көрсетеді” бағдарламасында айтылды.  Stan.kz сайтының жазуынша, Батыр Сиябек қазақстандық кәсіпкер. Қытаймен, Түркиямен бірлесе жұмыс істеп бизнестің көзін тапқан. Бүгінде түрік елінде тұрып жатыр. Екі әйелі бар, он баланың әкесі.

“Шындығында адамның бағы ашылуы ата-анасының разылығында. Мен қандай бизнес жасамайын ең бірінші ата-ананың разылығын алу керек деген ұстанымым бар. Жастарға да, жұмысшыларыма да айтамын. Бизнестің кілті сонда. Не жасамайық адам болу керек. Әділетті болу керек. Берекет сонда болады. Түркия шындығында, кәсіп жүргізуге өте қолайлы. Ол жақта бір миллион долларға табыс көрсетіп берсең, әлемнің кез келген еліне баратын паспорт береді. Мықты бизнес жоспарың болса, оны үкіметке дәлелдей алсаң, саған қаржыны өздері құйып береді. Сыртқа экспортқа шығарсаң, жарты шығын мемлекет өз мойнына алады. Кәсіпкерлерге жақсы жағдай жасалған, жеңілдік көп”, – дейді кәсіпкер.