Жаңалықтар

1916 жылғы көтерілістің 100 жылдығына арналған көрме ашылды

ашық дереккөзі

1916 жылғы көтерілістің 100 жылдығына арналған көрме ашылды

Алматы қаласының Қастеев атындағы Орталық мемлекеттік мұражайында 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығына арналған "Қазақ көтерілістері. Еркіндікке ұмтылыс" атты көрме жұмыс істей бастады. Көрме бір ғасыр бұрын наразылықтың ірі ошақтары - Семей және Торғай өңірлеріндегі ұлт-азаттық көтерілістер туралы мағлұмат береді. Мұнда көтерілістердің қалай өрбігені ғана емес, оған кімдер қатысқаны туралы білуге болады. Ресей империясына қарсы бас көтерулер бүкіл Орта Азияны қамтыды. Оған 19-дан 43 жасқа дейінгі ер азаматтарды тыл жұмысына мәжбүрлеп тарту туралы бұйрық түрткі болды. Көтерілістің тағы бір себебі - Ресейден көшіп келушілер мен жергілікті тұрғындар арасындағы жер мәселесі. Көтеріліс 1916 жылы Худжантта басталып, ресейлік жазалаушы әскерімен жаншылды. Халық наразылығы кей жерлерде 1917 жылдың басына дейін созылды.