Ақтөбе облысында Toyota Land Cruiser көлігі аударылып, жүргізушісі көз жұмды
Ақтөбе облысында жол апаты салдарынан Toyota Land Cruiser автокөлігінің жүргізушісі қаза тапты.
13 тамызда сағат 17.20-да “Покровка-Жаңажол” тас жолында жол-көлік оқиғасыорын алды. Toyota Land Cruiser автокөлігінің 45 жастағы жүргізушісі Ақтөбе қаласы жағынан Темір ауданының Кеңқияқ кенті бағытында 21 шақырымында, Темір қаласы маңындағы жергілікті маңызы бар “Покровка-Жаңажол “ жолында автокөлігін басқара алмай, көлік құралының қозғалысы барысында оң жаққа аударылып кеткені анықталды.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан автокөлік жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, ал 46 жастағы жолаушы Кеңқияқ ауылдық ауруханасына жатқызылды. ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі (Абайсызда адамөліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу) бойынша тергеу жүргізілуде, деп жазды
polisia.kz.