Ақтөбе облысында Toyota Land Cruiser көлігі аударылып, жүргізушісі көз жұмды

Ақтөбе облысында Toyota Land Cruiser көлігі аударылып, жүргізушісі көз жұмды

Ақтөбе облысында Toyota Land Cruiser көлігі аударылып, жүргізушісі көз жұмды
ашық дереккөзі
Ақтөбе облысында жол апаты салдарынан Toyota Land Cruiser автокөлігінің жүргізушісі қаза тапты.  13 тамызда сағат 17.20-да “Покровка-Жаңажол” тас жолында жол-көлік оқиғасыорын алды. Toyota Land Cruiser автокөлігінің 45 жастағы жүргізушісі Ақтөбе қаласы жағынан Темір ауданының Кеңқияқ кенті бағытында 21 шақырымында, Темір қаласы маңындағы жергілікті маңызы бар “Покровка-Жаңажол “ жолында автокөлігін басқара алмай, көлік құралының қозғалысы барысында оң жаққа аударылып кеткені анықталды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан автокөлік жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, ал 46 жастағы жолаушы Кеңқияқ ауылдық ауруханасына жатқызылды. ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі (Абайсызда адамөліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу) бойынша тергеу жүргізілуде, деп жазды polisia.kz.