Түрмеге жасырын 14 телефон, 76 SIM-карта алып өтпек болды

Түрмеге жасырын 14 телефон, 76 SIM-карта алып өтпек болды

Түрмеге жасырын 14 телефон, 76 SIM-карта алып өтпек болды
ашық дереккөзі
Алматы облысы бойынша ҚАЖД ЛА-155/14 мекемесіне ер адам 14 телефон, 76 SIM-карта және бес зарядтау құрылғысын өткізуге тырысты, – деп хабарлайды Polisia.kz. Алматы облысы бойынша ҚАЖД ЛА-155/14 орташа қауіпсіздік мекемесіне ер адам алдын ала скотчпен оралған 14 телефонды, 76 SIM-картаны және бес зарядтау құрылғысын термопот электр шәйнегінің түбіне жасырып өткізуге тырысты. Мекеме, 3660 ә/б және мамандандырылған прокуратура қызметкерлерінің қырағылығының арқасында тыйым салынған заттарды беру фактісіне жол берілмеді. – Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп, жиналған материалдар ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабына сәйкес әрі қарай процессуалдық шешім қабылдау үшін Қапшағай қалалық сотына жіберілетін болады, – деп атап өтті Алматы облысы бойынша ҚАЖД бастығының міндетін атқарушы Қанат Ашов.