"Спортзалдың сыйқы мынау". Отандық спорттың олқы тұсын ашып берген видео

"Спортзалдың сыйқы мынау". Отандық спорттың олқы тұсын ашып берген видео

"Спортзалдың сыйқы мынау". Отандық спорттың олқы тұсын ашып берген видео
ашық дереккөзі
Олимпиада қатысушысының бір ғана бейнежазбасы қазақстандық спорттың олқы тұсын ашты. Токиодағы басты додада спорттық гимнастикадан Қазақстанның намысын қорғаған Милад Карими қауіпті жағдайдағы дайындығының бейнежазбасын жеке парақшасында жариялады. Бұл туралы “Информбюро” хабарлайды. Қызу талқыға түскен жазбаны Ұлттық олимпиада комитеті де көріпті, әрі бұл спорт түріндегі кемшін тұстың барын ашық мойындады. https://youtu.be/BgReExWVP64 Турникте жаттығып жатқан Милад Карими жаттығуын аяқтамай жатып керме шыдамағандықтан құлап түседі. Бұл бейнежазба әлеуметтік желіде қызу талқылануда. Көпшілік Каримидің олимпиададан жүлдесіз оралуын кәсіби дайындалатын инвентарьдың жоқтығанан көріп отыр. Олимпиада комитеті де мұны растады.
“Иә, бұл жазбаны біз де көрдік. Негізі елімізде спорттық гимнастикаға арналған бірде-бір жақсы кәсіби кешен жоқ. Яғни спортшыларымыздың жаттығу жасауына жағдай қарастырылмаған. Өздеріңіз байқағандай сенген бокс пен күрестен, ауыр атлектикадан нәтиже нашар болды. Сондықтан гимнастика және де басқа да спорт түрлеріне екпін беріп, ерекше көңіл бөлуді мақсат етіп отырмыз”, – деді ҚР ҰОК спорт дирекциясының директоры Елсияр Қанағатов.