Жаңалықтар

ҰҚК: Терроризмді насихаттау және діни алауыздықты тудыру күдігімен 4 адам ұсталды

ашық дереккөзі

ҰҚК: Терроризмді насихаттау және діни алауыздықты тудыру күдігімен 4 адам ұсталды

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті радикалды ағымдардың жақтаушыларын ұстады, деп хабарлайды ҰҚК Баспасөз қызметі. «Биыл 13 тамызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүргізген сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында терроризмді насихаттау және діни алауыздықты қоздыру күдігімен Атырау, Жаңаөзен және Шымкент қалаларының 4 тұрғыны сот санкциясымен қамауға алынды», - делінген комитет мәліметінде . «Аталған адамдар шетелдік радикалды уағызшылардың ұстанымындағы дәстүрлі емес діни ағымның өкілдері болып саналады. Өзге мәлімет тергеу мүддесінде жария етілмейді», - деп аталып өткен хабарламада.