Жаңалықтар

Канадада оқып, Комсомольское ауылында мұғалім болып жұмыс істеп жүрген Диана

Педагог Диана Момбаева «Болашақ» бағдарламасымен Канададағы ең беделді жоғары оқу орындарының бірі – Калгари Университетінде білім алған. Батыстық білім алып, диссертация қорғаған жас маман Қостанай облысының Комсомольское ауылына оралып, ауыл мектебінде жұмыс істеуге шешім қабылдайды.

Диана ауыл балаларымен өз білімімен бөлісе отырып, елдегі білім саласының өркендеуіне үлес қоса аламын деп санайды.

«Канадада оқып жүрген кезімде мен сондай-ақ волонтерлік қызметпен де айналыстым. Мен өзіме әрқашан «ауылым үшін не істей аламын?» деген сұрақ қоятынмын. Калгари қаласынан білім алып келгеннен кейін бірден туған ауылыма ораламын деп шешім қабылдап, ауыл балаларына ағылшын тілі сабақтарын тегін өткізе бастадым. Мен тарих пәнінен сабақ беремін, сонымен қатар мектеп директорының орынбасарымын. Бұрын мен дәл осы мектепте оқып, болашақта шетелде оқуыма мүмкіндігім болмайды деп ойлайтын едім. Бірақ білімге деген құштарлық пен өзіңе деген сенім әрқашан қалаған нәрсеге қол жеткізуіңе көмектеседі. Менің ойымша, біздің білім беру жүйесінде осы саланың дамуына үлес қосатын адамдар жетерлік», – дейді ауыл мұғалімі, «Болашақ» бағдарламасының түлегі Диана Момбаева.

Back to top button