Антиваксер дәрігер Айна Бакееваға қатысты тексеру жүріледі

Антиваксер дәрігер Айна Бакееваға қатысты тексеру жүріледі

Антиваксер дәрігер Айна Бакееваға қатысты тексеру жүріледі
ашық дереккөзі
Белгілі журналист Қалыбек Атжанның өліміне байланысты тексеру жүргізіледі. Бұл жөнінде ІІМ хабарлады. Журналист қайтыс боларынан бірнеше күн бұрын Айна Бакеева ұсынған тыныс алу жаттығуынан соң денсаулығының нашарлағаны жөнінде әлеуметтік желідегі парақшасында жазған болатын. «2021 жылдың 11 тамызында қазақстандық журналист Қалыбек Атжанның 9 тамызда қайтыс болу фактісі бойынша шағым түсті. Ол 7 тамызда Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында А.Бакеева ұсынған тыныс алу жаттығуынан кейін денсаулығының нашарлағандығын хабарлаған болатын. 2011 жылдың 11 тамызында аталған шағым ІІМ Ақпараттарды тіркеу кітабына тіркелді және Қылмыстық-процестік кодекстің 181-бабы 5-тармағы тәртібімен тиісінше тексеру жүргізу үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облыстық департаментіне одан ары беру мақсатында Жамбыл облыстық полиция департаментіне жіберілді», – делінген ҚР ІІМ таратқан ақпаратта.