Жаңалықтар

«Вакцина аса әсер етпеді»: коронавирус күзде өршуі мүмкін – ғалымдар

Британдық ғалымдар коронавирус жұқтыру жағдайларының көбеюі осы күзде вирустың тағы да өршуіне әкелуі мүмкін екенін ескертеді.

ҚазАқпараттың MedicalXpress-ке сілтеме жасап жазуынша, ғалымдарды қазір Ұлыбританияда өршіп тұрған коронавирсутың «дельта» нұсқасы алаңдатып отыр.

Олардың ойынша, вирустың бұл түріне вакцина аса әсер етпейді. Сол себепті Ұлыбритания ауруды бақылап отырғысы келсе, вакциналаудың одан да жоғары деңгейіне жетуі тиіс.

AstraZeneca вакцинасын өндіру бойынша Оксфордтық топтың директоры профессор Эндрю Поллард екпе алған кез келген адамның бұл нұсқаны жұқтыруы мүмкін екенін ескере отырып, екпе алмаған адамның кез келген уақытта оны жұқтырып алуы мүмкін екенін хабарлады. Осылайша, вакцина аурудың таралуын тежеуі мүмкін, алайды оны толығымен тоқтата алмайды.

«Қыркүйек айында коронавирус бойынша ахуал қайта өршиді. Ол бұрынғыдан да бетер болуы мүмкін. Сол себепті қазіргі оптимизм орынсыз», – деді ғалым.

Back to top button