Жаңалықтар

Ұлттық құрама тізімі толықтай өзгеруі мүмкін – Бокс федерациясы

Қазақстан бокс федерациясының бапкерлік мәселелері жөніндегі вице-президенті, бокстан ҚР құрамасының мемлекеттік жаттықтырушысы Бақтияр Артаев Олимпиададағы боксшылардың өнеріне баға берді.

«Қазір боксқа қатысты нақты шешімдер қабылданады. Биыл қазан айында Сербияда әлем біріншілігі өтеді. Соған байланысты ұлттық құрама тізімін толықтай өзгертіп, жақты командамен барып, жақсы нәтиже береміз деген ойдамыз», – деді Б. Артаев.

Оның пайымынша, осындай нақты қадамдар жасау керек болып тұр.

«Кеңестік кезеңдегі дайындық тәртібінен арыла алмай келеміз. Күніне үш мезгіл дайындықтың өзі спортшыларға өте ауыр тиеді. Сондықтан дайындық кезеңі өзгеруі ықтимал. Бұдан бөлек, бапкерлер мәселесін қарастырамыз. Алдағы әлем біріншілігінде жанкүйерлерді қуантамыз деген ойдамын», – деді Бақтияр Артаев.

Back to top button