Түркиядағы су тасқыны: 27 адам мерт болды

Түркиядағы су тасқыны: 27 адам мерт болды

Түркиядағы су тасқыны: 27 адам мерт болды
ашық дереккөзі
Түркияның солтүстігіндегі Кастамону провинциясында су тасқыны салдарынан 25 адам қаза тапты, көршілес Синоп провинциясында екі адам мерт болды. Бартында із-түзсіз жоғалған бір адам іздестіріліп жатыр, – деп жазды Анадолы агенттігі. Төтенше жағдайлар салдарының алдын алу және жою басқармасының (AFAD) мәліметінше, барлық тиісті мекемелер, ұжымдар мен көлік құралдары эвакуациялық, іздестіру-құтқару жұмысына жұмылдырылған. Бартында электр беру толығымен қалпына келтірілді, ал Кастамонуда – 112, Синопта 86 ауыл әлі күнге дейін жарықсыз қалып отыр. Кастамону, Бартын мен Синопта 833 адам психологиялық және әлеуметтік көмек алуда. AFAD деректеріне сай, Бартында – 232, Кастамонуда – 925, ал Синопта 472 адам эвакуацияланған.