Ақтауда 12 жастағы бала көшеде келе жатып, жүрегі тоқтап қалған

Ақтауда 12 жастағы бала көшеде келе жатып, жүрегі тоқтап қалған

Ақтауда 12 жастағы бала көшеде келе жатып, жүрегі тоқтап қалған
ашық дереккөзі
Маңғыстау облысы Жедел жәрдем станциясының директоры Айралбек оқиғаға қатысты түсінік беріп, баланың жүрегі дәрігерлер келгенге дейін тоқтап қалғанын, алайда фельдшер баланы жарты сағаттай реанимациялауға тырысқанын айтты. «Бригадаға шақырту түскеннен кейін мамандар сол орынға тоғыз минутта жетті. Баланы бірден тексерді. Алайда баланың жүрегі дәрігерлер келгенге дейін тоқтап қалды. Осыған қарамастан, фельдшерлер 30 минут жүрек-өкпе реанимациясын жүргізді. Біздегі ереже сондай. Бірақ, өкінішке қарай бұл нәтиже бермеді. Баланы көшеде өтіп бара жатқан адамдар тауып, хабарлаған», - деді Айралбек Шыршықбаев. Бұл оқиғаға қатысты Ақтау қаласының тұрғындары, оқиға куәгерлері әлеуметтік желіде жазба қалдырды.