Данияр Жаналинов Қаржы вице-министрі болып тағайындалды

Данияр Жаналинов Қаржы вице-министрі болып тағайындалды

Данияр Жаналинов Қаржы вице-министрі болып тағайындалды
ашық дереккөзі
ҚР Үкіметінің Қаулысымен Данияр Еренғалиұлы Жаналинов ҚР Қаржы вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Данияр Жаналинов 1975 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Қазақ көлік және коммуникация академиясын бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі — инженер-экономист. Еңбек жолын 2000 жылы Талдықорған қаласы бойынша Салық комитетінің заңды тұлғалар салық аудиті секторының салық инспекторы қызметінен бастады. 2002-2008 жылдары Алматы облысы бойынша Салық комитетінде түрлі қызметтер атқарған. 2008-2010 жылдары – Алматы облысы бойынша Салық департаменті бастығының орынбасары. 2010-2014 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің құрылымында басшылық қызметтер жасады. 2014-2018 жылдары – ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы. 2018 жылғы шілде айынан бастап қазіргі уақытқа дейін – ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.