Ата-анасы вакцина алмаған оқушы мектепке кірмейді – Білім басқармасы түсінік берді

Ата-анасы вакцина алмаған оқушы мектепке кірмейді – Білім басқармасы түсінік берді

Ата-анасы вакцина алмаған оқушы мектепке кірмейді – Білім басқармасы түсінік берді
ашық дереккөзі
Елордада ата-аналар чатында вакцина алмаған ата-аналардың балалары мектепке кіргізілмейтіні туралы ақпарат тарады. Бұған қатысты қалалық Білім басқармасы түсінік берді. «1 қыркүйектен бастап балалар мектепке барады. Ата-анасы вакцина алмаған балаларды мектепке кіргізбейді. Ата-аналардың бәрін вакцина алуға шақырыңыздар», - делінген WhatsApp арқылы тараған мәліметте. Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының баспасөз қызметі бұл мәліметтің фейк екенін мәлімдеп отыр. «Нұр-Сұлтан қаласында оқу жылын дәстүрлі форматта бастау жоспарлануда. Ата-анасы вакцинация қабылдамаған бала 1 қыркүйекте мектепке қабылданбайды деген шешім шыққан жоқ», - деп жауап берді ведомстводан.