Жаңалықтар

Семейде 4 күн бойы іздеуде болған азаматтың мәйіті табылды

Семей қаласында төрт күн бұрын жоғалып кеткен 30 жастағы азаматтың мәйіті табылды.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 12 тамызда «112» қызметіне қоңырау шалған азамат Семейдегі Ертіс өзенінен ер адамның денесі табылғанын жеткізді. Оқиға орнына дереу келіп жеткен құтқарушылар мәйітті жағаға шығарды.

«Анықталғандай, бұл 8 тамызда жоғалған 30 жастағы жігіттің мүрдесі болып шықты. Ол достарымен су жағасында демалып жүріп жоғалып кеткен. Өзен жағасынан оның жеке заттары табылған», – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы уақытқа дейін департаменттің №7 құтқару бөлімінің қызметкерлері іздеу жұмысын жүргізгенімен, ер адамның денесі табылмаған еді.

Back to top button