Жаңалықтар

«Қайрат» клубының бас жаттықтырушысы отставкаға кетті

«Қайрат» ФК-нің бас жаттықтырушысы Кирилл Кекер «Алашкертпен» болған матчтан кейін қызметінен кететіні туралы мәлімдеді.

«Өкінішке орай, біз соңғы мачта қанағаттандыратын нәтижеге жете алмадық. Осыған байланысты бас жаттықтырушының қызметінен кетуге шешім қабылдадым. Клубтың маған білдірген сенімі және бас жаттықтырушысы ретінде жұмыс істеуге мүмкіндік бергені үшін алғысымды білдіремін», – деді Кирилл Кекер.

«Каспийге» қарсы кубоктық матчқа команданы Гавриленко Артем Анатолийұлы дайындайды.

Еске салсақ, 12 тамызда UEFA Еуропа лигасы үшінші іріктеу сатысында алматылық «Қайрат» сырт алаңда Арменияның «Алашкерт» командасынан жеңіліп қалды.

Back to top button