Қазақстан − Өзбекстан: жан басына қанша көліктен келеді?

2021 жылдың 1 қаңтарындағы Өзбекстанның мемлекеттік статистика комитетінің мәліметі бойынша жеке тұлғаларға тиесілі көлік саны 2 955 295-ке жеткен. Оның ішінде: 2 767 126 автокөлік; 168 810 жүк көлігі; 5 711 автобус; 8 518 шағын автобус; жеке көлік 5130 құрады. Бұл көрсеткіш 2020 жылмен салыстырғанда 14,5 пайызға жоғары екені атап өтілді.

Ал Қазақстанда 2021 жылғы қаңтар-наурызда Қазақстан Республикасында 224 421 жеңіл автомобиль тіркелді. Бұл, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3,5 пайыз көп. 2021 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша, елімізде тіркелген жеңіл көлік саны. Ал жалпы елімізде тіркелген көлік саны 3 849 900 екен.

Қазір Өзбекстанда халық саны (2021, сәуірге дейін) 34 695 553 адам, ал Қазақстанда 19 000 000-нан енді асып бара жатыр. Сонда өзбек елінде әр 12 адамға бір көліктен, бізде әр бес адамға бір көліктен келеді екен.

Back to top button