Кафе күзетшілерін соққыға жыққан полицейлер жұмыстан қуылды

Кафе күзетшілерін соққыға жыққан полицейлер жұмыстан қуылды

Кафе күзетшілерін соққыға жыққан полицейлер жұмыстан қуылды
ашық дереккөзі
Алматы облысында кафе күзетшілерін ұрған полиция қызметкерлері жұмыстан қуылды. Облыстық Полиция департаменті бұл ақпаратты растады. Ведомствоның мәліметінше, кафеде бұзақылық жасаған 4 полицей Қапшағай қаласындағы органда жұмыс істеген. Бұған дейін әлеуметтік желілерде Қапшағай қаласының полицейлері ішімдік ішіп алып, кафенің күзетшілерін ұрды делінген жазба тараған болатын. Жанжалдың туындауына күзетшінің әрекеті себеп болған. Ол полицейлерге демалыс орнының жабылатынын айтып, бірнеше рет ескерту жасаған. Бұл жайт тәртіп сақшыларына ұнамаған, сол себепті күзетшілерді ұрған болуы мүмкін. Осы оқиға орын алған Қапшағай қаласындағы «Delmare» кафесінің әкімшісі екі күзетшінің зардап шеккенін және ауруханада жатқанын жеткізді. «Бұл фактіге сәйкес ҚР ҚК 293 бабы «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», - деді Алматы облыстық Полиция департаменті.