Алматыда оқушылар маскамен қамтамасыз етіледі - Білім басқармасы

Алматыда оқушылар маскамен қамтамасыз етіледі - Білім басқармасы

Алматыда оқушылар маскамен қамтамасыз етіледі - Білім басқармасы
ашық дереккөзі
Алматы қалалық білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева айтуынша, сабақ кезінде оқушылар бетперде тағып отырады. «Балалар сабақта бетперде тағады, бірақ асхана мен дене шынықтыру сабағында тағуы міндетті емес. Дене шынықтыру сабағы сыртта болатындықтан, қашықтық сақталады. Асханада барлық санитарлық нормалардың сақталуын талап етеміз», - деді басқарма басшысы. Сонымен қатар, ол мектеп балаларды қажет болса маскамен қамтамасыз ететінін жеткізді. «Оқушыларды антисептик, бетпердемен қамтамасыз ету - ата -аналардың міндеті. Бірақ, егер ата-аналардың оған мүмкіндігі болмаған жағдайда, онда мектеп қамтамасыз ететін болады», - деді ол.