Жаңалықтар

«Анама ренжіп кетіп қалдым»: 14 жастағы Жанерке үш күннен соң аман-есен табылды

8 тамызда Өскемен қаласында жоғалып кеткен 14 жастағы Жанерке Қанапиянова аман-есен табылды. Қалалық Полиция басқармасының мәліметінше,ол үйінен дүкенге кетіп, сол күйі қайтып оралмаған. 

«14 жастағы қызды іздеуге қалалық Полиция басқармасының барлық жеке құрамы және 50-ден астам ерікті жұмылдырылды. 11 тамыз күні Әл-Фараби даңғылында ойнап жүрген балалар қызды көріп қалған. Олар Жәнеркені үйіне әкелді», – делінген хабарламада.

Жасөспірім тәртіп сақшыларына не себепті үйден кетіп қалғанын айтып берген.

«Анам маған ұрысқан соң, оған ренжіп кетіп қалдым. Құрылысы аяқталмаған ғимаратқа барып сонда отырдым. Кенет өзімді жаман сезінген соң жата тұрайын дедім. Алайда орнымнан мүлде тұра алмай қалдым. Осылайша, 3 күнді сол жерде өткіздім. Әйтеуір халім жақсарған бойда сыртқа шықтым. Осы кезде мені балалар көріп қалды», – деді ол.

Back to top button