Құрғақшылық: Ауыл шаруашылығы министрлігі бір күндік жалақыларын аударып, халыққа үндеу жариялады

Құрғақшылық: Ауыл шаруашылығы министрлігі бір күндік жалақыларын аударып, халыққа үндеу жариялады

Құрғақшылық: Ауыл шаруашылығы министрлігі бір күндік жалақыларын аударып, халыққа үндеу жариялады
ашық дереккөзі
Қазақстанның көптеген өңірінде ерекше ыстық ауа райы құрғақшылыққа әкеп соқты. Жауын-шашынның аздығынан Маңғыстау облысы айтарлықтай зардап шекті. Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар зардап шеккен аймаққа қолдау көрсетіп, қажетті жұмыс атқарды делінген Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметте. Осы ретте, министрлік қызметкерлері қолайсыз табиғи құбылыстардан зардап шеккен тұрғындар мен фермерлерге көмек ретінде, өздерінің бір күндік жалақыларын Маңғыстау облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен құрылған арнайы шотқа жібереді. Осыған орай, министрлік барлық меншік нысанындағы еңбек ұжымдарын қиын жағдайға тап болған отандастарымызды қолдауға және қолдан келгенше көмек көрсетуге шақырады. РЕКВИЗИТТЕР (төлемде құрғақшылықтан зардап шеккендерге қайырымдылық қаражатын көрсету міндетті): Есепшоты: KZT / KZ71998PTB0001042659 Коды: 18 (КБЕ) БСН: 061040004608 Атауы: «Казимпэкс-Ақтау» Қоры. БАНК «First Heartland Jusan Bank» АҚ Маңғыстау_ филиалы БИК TSESKZKA Мекен-жайы: Ақтау қаласы, 15 шағын аудан, 67 «А» үй. БАНК БСН: 060141000980 Жедел бөлімшенің басшысы / ҚҰ Исатаева Жайнагүл Мақсұдқызы Тел.87292 301303 іш.1038 Қордың басшысы Мамашұлы Дайрабай Тел. +7 771 221 2222