Президент спорт саласына арналған үлкен кеңес өткізбекші – Дәурен Абаев

Президент спорт саласына арналған үлкен кеңес өткізбекші – Дәурен Абаев

Президент спорт саласына арналған үлкен кеңес өткізбекші – Дәурен Абаев
ашық дереккөзі
Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев «Ашық диалог» сұхбатының кезекті санында Жапония астанасында өткен Жазғы Олимпиада ойындарының нәтижесі туралы пікір білдірді.  «Мемлекет басшысы Олимпиадаға қатысты өз пікірін айтты. Олимпиада командасының нәтижесі еліміздің спорттық әлеуетіне сәйкес келмейді. Менің ойымша, бұл пікірмен бәрі келіседі», – деді ол сұхбат барысында. Д.Абаевтың айтуынша, мұндай жағдайда біреуді жұмыстан шығарып, қалыптасқан жүйені қайта құру арқылы елдің көңілін тыныштандыруға болады. Бірақ ол жүйелі кемшіліктерді шешпеуі мүмкін. «Қазір алдымызда тұрған міндет басқа – қателіктермен жұмыс істеп, осы саладағы барлық процестерді талдау. Мемлекет басшысы негізгі бағдарды нұсқады – бұқаралық және балалар спортын дамыту. Осы бағытқа түсуіміз керек. Яғни, ең бастысы – ауылдарда қаладағыдай спорттық инфрақұрылым қалыптастырып, мүмкіндігінше балаларды тегін спорт секцияларына көбірек тарту. Әрине, білікті жаттықтырушылар мен нұсқаушыларды даярлау қажет», – Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары. Сондай-ақ, ол Олимпиада қорытындысы бойынша үлкен талдау жасалып, ревизиялық жұмыс жүргізілетінін атады. «Ревизиялық жұмыстың барысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей бақылауында болады. Президент күзде спорт бойынша үлкен кеңес өткізуді жоспарлап отырғанын айтайын. Әрине, спорт саласындағы барлық жаңалық туралы жұртшылыққа өз кезінде хабарланады», - деді Дәурен Абаев.