Оқушылар жаңа оқу жылында маска тағуға міндетті

Оқушылар жаңа оқу жылында маска тағуға міндетті

Оқушылар жаңа оқу жылында маска тағуға міндетті
ашық дереккөзі
«Барлық мектеп, колледж бен университеттердегі қызметкерлер мен білім алушыларға маска тағу міндетті болады. Барлық білім беру ұйымдарында күнделікті термометрия, желдету, кварцтау, дезинфекция шаралары өткізіледі. Студенттер, педагогтер мен басқа қызметкерлер «Ashyq» жүйесі арқылы ғимараттарға кіргізіледі. Жұмыскерлердің вакцина алуы да ерекше маңызға ие болып, бұл жұмыс жалғастырылады», - дейді Білім және ғылым министрі. Белгілі болғандай, мектептерде қосымша ауысымдар ұйымдастырылып, үзілістер уақытын әр уақытқа белгілеп, «бір сынып – бір кабинет» жүйесі енкізілмек. Мектептегі барлық бұқаралық іс-шараға тыйым салынады. «Жоғарыда айтылған шектеулерді сақтай отырып, балабақшалардағы 20-25 баладан аспайтын топтарға штаттық режимде жұмыс істеу ұсынылады. Өз кезегінде мектептерде 1-11 сынып оқушыларына қатаң санитарлық шектеулерді сақтай отырып, оқытуды дәстүрлі форматта жүргізу, сонымен қатар колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттерін де дәстүрлі форматта оқыту ұсынылады. Әрине, ата-аналары немесе өздері коронавируспен ауыратын білім алушыларға және денсаулығы бойынша тәуекел топтарға жататын білім алушыларға уақытша қашықтан білім алу форматы бойынша білім алуды ұйымдастыратын боламыз», - дейді министр. А. Аймағамбетовтың айтуынша, 1 қыркүйекте болатын «Білім күні» салтанатты іс-шарасы дәстүрлі форматта мектеп аумағында 1-сынып оқушылары үшін ұйымдастырылады. Оларға салтанатты түрде алғашқы оқулығы – «Әліппе» табысталады.