Білім басқармасы мектепте қандай киім кию керегін түсіндірді
12 тамыз, 2021 /
Асыл ТҰМАР
Білім басқармасы мектепте қандай киім кию керегін түсіндірді
Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева биылғы оқу жылында мектеп формасы қандай болуы керегін түсіндірді.
Биыл балаларға ата-анасының жағдайы болмаса классикалық үлгіде киінуге рұқсат берілді.
«Мектеп формасына тоқталатын болсақ, ең бастысы ұқыпты классикалық киім кисе болғаны. Қара-қоңыр түсті шалбар, ашық түсті жейде, футболка киюге болмайды. Аяқ киім түріне ешқандай талап жоқ. Балаға туфли алуға ата-анасының жағдайы келмесе, бала кеды немесе мокасинмен жүре алады», - деді Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы.
Жалпы Алматыда 278 жалпы білім беретін мектеп бар, оның ішінде 207 - мемлекеттік, 71 - жекеменшік. Тағы 8 жекеменшік мектеп 1 қыркүйекте ашылады.