Air Astana жолаушылар салмағын ерікті түрде өлшей бастайды

Air Astana жолаушылар салмағын ерікті түрде өлшей бастайды

Air Astana жолаушылар салмағын ерікті түрде өлшей бастайды
ашық дереккөзі

Air Astana 2021 жылдың 9-31 тамызы аралығында Алматы мен Нұр-Сұлтан әуежайларынан ішкі және халықаралық рейстермен ұшатын 18 жастан асқан әуе компаниясының жолаушыларына ерікті салмақ өлшеу ұсынылатынын хабарлайды.

Жолаушыларды ұшу алдындағы өлшеу әуе кемесінің тең­герімін орнату үшін статистикалық мәліметтерді жинау мақсатында Халықаралық әуе көлігі қауым­дастығының (IATA) ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады. Бұл рәсімді қауымдастыққа мүше әуекомпаниялар әр бес жыл сайын жүргізеді. Бақылау өлшеуі жолаушының жынысына қарай бө­лінген арнайы белгіленген жерде ұшуға тіркелгеннен кейін жүзеге асады. Рәсім құпия ақпаратты жинауды қарас­тырмайды. Өлшеу рәсімінен өткен жолаушылар ло­тереяға қатысады. Air Astana әуекомпаниясының билеттерінің бағасына сал­мақ өлшеу рәсімі әсер етпейді және тек ұшу қауіп­сіздігін жақсарту мақсатында ғана жүзеге асырылады.