Әкімшілік әмірге емес, әділетке жүгінетін кодекс

Әкімшілік әмірге емес, әділетке жүгінетін кодекс

Әкімшілік әмірге емес, әділетке жүгінетін кодекс
ашық дереккөзі

Елімізде қылмыстық, азаматтық және әкімшілік құқықбұзу­шы­лық бойынша сот ісін жүргізудің үш түрі болатын. Биыл 1 шілдеден бастап, би­лік органдарымен дауда ең әлсіз та­рап­ты қорғауға бағытталған әкімшілік әділет құрылымы іске қосылып, әкім­шілік рәсімдік-процестік кодексі кү­шіне енді. Бұл кодекс еліміздегі сот жүйе­сіне тың серпін бермек. Себебі жа­рия-құқықтық даулар жыл сайын арт­паса, кеміген жоқ. Десек те, даулар­дың дені әкімшілік органдардың пай­дасына шешілетіні шындық. Бұл – заң­ды құбылыс.

Өйткені бұған дейін осы дауларды рет­тейтін Азаматтық процестік кодексте сот екі тарапқа тең қарайтын. Кімнің дәлелі анық әрі көп болса, сот соның сөзін сөйлеп, ше­шім шығаратын. Ал жаңа кодекс аза­маттар мен заңды тұлғалардың өзіне қатыс­ты әкімшілік құзыретке ие органдарға, би­лік­ке қарсы талаптарын қарауды реттейді. Сот мейлінше әлсіз топтың жағында болып, бел­сенділік танытады. Көптің көңілінде «Жаңа кодекстен не күтеміз?», «Жаңа заң­ның жаңалығы қандай?» деген сұрақтың болатыны анық. Осы сауалдар төңірегінде ой қозғап, арнайы мамандармен әңгіме­лестік. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұ­рақ­­­тылығы мен өркендеуінің негізі» атты алғашқы Жолдауында: «Азамат­тары­мыз жария-құқықтық дауларда би­лік орган­дарының шешімдері мен әре­кеттеріне қатысты шағым түсіру ке­зінде көп жағдайда теңсіздік ахуа­лын­да қалып жатады. Сондықтан осын­дай теңсіздіктерді болдырмау мақ­сатында дауларды шешудің ерекше те­тігі ретінде әкімшілік әділет құры­лы­мын енгізу қажет», – дей келе, әкім­ші­лік әділет құры­лымын енгізу мәсе­ле­сін көтерген болатын. Көп ұзамай ко­декс жобасы әзірленіп, күшіне енді. Әкім­шілік әділет «Халыққа құлақ аса­тын мемлекет» тұжырымдамасына сәй­кес жүзеге асқан. Қоғамдық қаты­нас­ты реттейтін заңдар ескіріп, орнына жаңадан заңдар қабылданып, кейбір заңдарға, нормативтік құқықтық акті­лерге, кодекстерге өзгерістер мен то­лық­тырулар енгізіліп жатса да, бұл ко­декстің бағыты мен бағдары бөлек. Тара­зының бір жағында мемлекеттік ор­ган болса, екіншісінде – жеке және заң­ды тұлғалар. Жоғарғы Соттың рес­ми мәліметінше, азаматтардың құқық­та­рын неғұрлым тиімді қорғау мақса­тын­да республикада 21 жаңа әкімшілік соты құрылған. Олардың 17-сі – облыс орталықтарында және 4-еуі – Қаскелең, Семей, Жезқазған, Екібастұз қалала­рын­­да жұмыс істейді. Әкімшілік рәсім­дік-процестік кодексте билік пен ха­лық арасындағы дауды қараудың не­гізгі қағидаттары бар. Кодекс екі бө­лік­тен тұрады: бірі – рәсімдік, екіншісі – сот ісін жүр­гізу. Рәсімдік бөлік мемле­кет­тік органдардың рәсімдерін, со­ның ішінде мемлекеттік органның өкілет­тік­тері мен әкім­шілік актінің қабыл­дануы мен шағымдалу тәртібін айқын­даса, сот ісін жүргізу бөлігінде талап қою түрлері, істерді қарау тәр­тібі, сот шешімі, сот бақылауы секілді іс жүргізу тәртібі бе­­кі­тілген. Әкімшілік рәсімдік-про­цестік кодексінің Азаматтық про­­­цес­тік кодекстен (АПК) айырмашы­лығы көп. Соның бірі – сот белсенділігін арттыру. Осы кодекстің 16-бабына сәй­кес, әкімшілік сот ісін жүргізу сот­тың белсенділігіне қарай жүзеге асады. Жал­пы, кодекс – ол тек қана іс соттың әре­кеті емес, онымен қоса мемлекеттік орг­анның жеке немесе заңды тұлғадан өті­ніш түскен уақыттан бастап түп­кі­лік­ті мемлекеттік органның өтініші бойын­ша шешім шығарғанға дейінгі әрекетін реттейтін процесс. Жаңа ко­декс шыққалы халықтың пікірі екіге бө­лінді. Бірі – «баяғы жартас – бір жар­тас» деп алаңдаса, енді бірі сотты «са­тып» алатындар көбейеді дейді. Десек те, сала мамандары түсіндіру жұмыс­тарын әлі күнге дейін жүргізіп жатыр. Тағы бір айтатын мәселе – халықтың сауатын көтеріп, өзге әкімшілік ко­декстер­ден айырмашылығын анықтап, аражігін ажыратып алу. Оны мамандар былай түсіндіреді:                                                                                                                                                                                                                                         САРАПШЫЛАР НЕ ДЕЙДІ? Айдос САДУАҚАСОВ, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ресми өкілі:

СУДЬЯНЫҢ БІЛІМІН СЫНАЙТЫН ЗАҢ

 width=– Дүниежүзі елдерінде әкімшілік әділет жүйесінің енгізілгеніне біраз уа­қыт болды. Негізгі бастауы – Еуропа ел­дері. «Жаңа заң не үшін қажет бол­ды?» деген сұрақтың туатыны белгілі. Елімізде мемлекеттік органдар мен жеке адамдар арасында мемлекеттік ор­гандардың қызметіне қатысты әр­түрлі дау көп. 30 жыл бойы олардың жұ­мыс процесі кезіндегі әрекетіне қа­тыс­ты даулар Азаматтық процестік ко­дек­стің талаптарына сай қаралатын. Қарапайым оқырманға түсінікті болу үшін мысалмен түсіндірген дұрыс. Ай­талық, ауданда тұратын әже зей­нет­ақы­сы бойынша министрлікпен сот­тасты. Еңбек өтілі дұрыс есеп­тел­ме­ген­діктен, зейнетақысы дұрыс тағайын­дал­мады. Осы кезде жәбірленуші тарап жеңіліп қалатын. Өйткені мемлекеттік органның артында тұтас команда тұра­тыны белгілі. Заңгер мен сарапшысынан бастап, бүкіл аппаратының ара­ласуы­мен жеңіске жететін. Жеке адамның ақшасы болса, құқық қор­ғау­шы ғана жалдауы мүмкін. Сондықтан жәбірленуші тараптан көп мәселенің түйін болып қалуы – заңдылық. Жеке адам да мемлекеттік органдағы лауа­зым­ды тұлға секілді өзінің талап-ары­зын, дәлелдемелерін барлық жағынан тиісті нормаларды білуі керек дейміз. Алайда өзінің құқығын білмейтіндер көп. Зейнетақысын даулап жүрген әже түгілі, кәсібін дөңгелетіп отырған кә­сіп­керлер мен ірі ком­пания­ларда бас­шылықта отырған инвесторлар да құ­қы­ғын біле бермейді. Соның сал­дары­нан жеке тұлғалар жеңіліс тауып жа­тады.Қолымыздағы статистика бойын­ша, жария-құқықтық дау­­­лар мәселесінің 80 пайызы мем­ле­кеттік органның пайдасына шешілген. Осы­дан-ақ халық арасында «Мемле­кет­тік органдар ойына келгенін істейді. Жеке адамның мүддесін көздемейді» деген түсінік тамырланып кеткен. Шын­туайтына келгенде, сот орындау­шы­лары да заңға тәуелді. Заң бойынша қай тарап мықты, өзінің уәжін дәйекті түрде жеткізеді сол тарапқа басымдық беруі керек. Азаматтық процестік ко­декс­те судья процесте белсенді бол­май­тын. Себебі активті болуы мен бей­­тарап­тылыққа заң тыйым салады. Осы олқылықтың орнын толтыру мақ­са­тында жеке адам, әлсіз тарапты, кә­сіп­керлерді неғұрлым қорғау мақсатында осы заң қабылданған еді. Күшіне ену үшін де бір жыл уақыт кетті. Себебі тиіс­­ті соттар құрылды. Судьялар құ­рамы іріктелді. Жаңадан тағайын­дау нау­қаны жүрді. Осы заңнама бойынша судьялар оқытылып, біліктілігін арт­тыр­ды. Өйткені мемлекеттік орган мен жеке тұлғаның дауын қарайтын судья­ның да қарым-қабілетінің болуы өте маңыз­ды. Ойлау жүйесі мен сыни ойлау жүйесін дамыту керек. Бұрын қа­лыптасқан тактика бойынша мем­ле­кеттік органның пайдасын көздесе, енді жеке тұлғаның мүддесін қорғау те­рең білімді талап етеді. Соған орай Қа­зақстан Жоғарғы Сотының жа­нын­дағы Білім беру академиясы базасында бір жыл оқыттық. Жүзден жүйрік шық­қан судьяларды іріктедік. Жаңа заңның басты принциптерінің бірі судьяның белсенділігін арттыру болатын. Бұл принципке сәйкес судья барынша бей­тарап тұрғыда жеке адамның мүддесін қор­ғауы керек. Бұрын дауға қатысты барлық талап-арыз жазып, заңдарға сілтеме беріп, заңгерлік деңгейде арыз-шағым жаза алатын кәсіби тұрғыда дайын­далған ғана өтінішті қарайтын. Қа­зір заңға сәйкес ондай құжаттар мін­деттелмейді. Арыз иесі өзінің қал-қа­дірінше арыз жазуына болады. Айта кетейік, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекс шең­берінде істерді қа­райтын әкімшілік соттың атауы «Әкім­шілік құқықбұзушылық бойынша ма­мандандырылған аудандық сот» болып өзгерді. Жаңа заң жобасы аясында әлі күнге дейін халыққа түсіндіру жұ­мыс­тары жалғасып жатыр.

Бақытбек ДАУТОВ, Нұр-Сұлтан қаласының маман­дан­дырыл­ған ауда­наралық әкім­шілік сотының судьясы:

АЗАМАТТАРДЫҢ МҮМКІНДІГІН МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТ РЕСУРСЫМЕН САЛЫСТЫРУҒА БОЛМАЙДЫ  width=   – Бұл құжатты қабылдауға түрткі бол­­ған жағдай – азамат­тарымыз жа­рия-құқықтық дауларда билік ор­ган­дарының шешімдері мен әрекеттеріне қатысты шағым түсіру кезіндегі тең­сіз­дік. Азаматтардың мүмкіндіктерін мем­­­лекеттік аппарат­тың ресурстары­мен салыстыруға болмайды. Осындай тең­сіздіктерді болдырмау мақсатында жаңа кодекс қабылданды. Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс бойынша даулар мүлдем басқа қағидаттармен қар­а­лады. Мұнда тараптар тең емес. Сот арыз иелеріне барынша көмек­те­седі. Мұнда әкімдіктің шешімі заңды ма, заңсыз екенін енді талап қоюшы дә­лелдемейді. Шешімді қабылдаған әкім­дік шешімнің заңдылығын, негіз­ді­лігін дәлелдеуі тиіс. Судья әкімшілік істің нақты және заңды тұс­тарына жа­татын құқықтық негіздемелер бойын­ша өзінің алдын ала құқықтық пі­кірін айтуға құқылы. Сот процестің барлық саты­сында формальді қателерді жою­ға, түсініксіз сөздерді нақтылауға, әкімшілік істің мәні бойынша өті­ніш­хаттарды беруге, толық емес нақты де­ректерді толықтыруға, әкімшілік істің мән-жайларын толық айқындау мен объективті бағалау үшін маңызы бар барлық жазбаша түсініктемелерді беруге жәрдем көрсетуге міндетті. Егер әкім­шілік процеске қатысушылар ұсын­­­­ған дәлелдемелер жеткіліксіз бол­са, сот оларды өз бастамасы бойын­ша жи­­­найды. Мұның тиімділігі өте жо­ғары. Дауды созбалаңдыққа салмай, жыл­дам қарап аяқтауға септігін тигі­зеді. Азаматтар Әкімшілік рәсімдік-про­цестік кодекс күшіне енгелі Әкім­шілік құқық­бұзушылық туралы ко­декспен шатастыра бастады. Халыққа түсінікті болу үшін мысалмен кел­тірейін. Айталық, көлік қозғалысында немесе жол шаруашылығындағы түрлі жағ­дайлар болуы мүмкін. Олар ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша қара­лады. Көлік жүргізушінің жол қозғалысы ере­же­лерін бұзып, екінші бір көлікпен қақтығыс жасап, көлігін бүлдіріп материалдық залал келтірген жағдайда жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салынады немесе алты айға дейінгі мерзiмге көлiк құралын басқару құқығынан айыры­лады. ӘҚБтК-нің 73-бабы отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттерді реттейді. Отбасындағы адамдарға бейәдеп сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмы­сындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұза­тын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жа­сал­ған басқа да әрекеттер жатады. Бұл кезде қылмыстық жа­заланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, ескерту жасауға не­месе бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алынады. Аталған жағдайлар ӘҚБтК-пен реттеледі. Ал Әкімшілік рәсім­дік-процестік кодекс мемлекеттік органдардың ішкі әкім­шілік рәсімдерін, әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыруға байланысты қатынастарды, сондай-ақ әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен айналысады. Мемлекеттік органдар, әкімшілік органдар, лауа­зымды адамдар, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар – осы кодексте реттелетін істің қатысушылары. Қорыта келе, жаңа заң­нама билік мен бағыныстылықтың арасындағы тең­сіздікті жоя­ды, билік органдарымен дау-дамайда әлсіз тарапты қорғай­ды деп үміттенеміз. Халықтың сотқа деген сенімі де артпақ.

Гүлдана НҰРЛЫХАНОВА