Жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда 7 бала коронавирустың ауыр түрімен ауырып жатыр

Елордада 7 бала коронавирустың ауыр түрімен ауырып жатыр.

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазір 74 бала стационарда, ал үйде 800-ден астам сәби ем қабылдап жатыр. Жансақтау бөлімінде жатқан бала жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сонымен қатар, басқарма басшысы Тимур Мұратов балалардың инкубациялық кезеңі ересектердегідей – төрт күннен 14 күнге дейін екенін атап өтті.

Айта кетейік, жыл басынан бері мегаполисте індет жұқтырған балалар саны 10 мыңнан асқан.

Back to top button