Шымкент қаласының наиб-имамы: Телефон арқылы көңіл айтқан дұрыс

Шымкент қаласының наиб-имамы: Телефон арқылы көңіл айтқан дұрыс

Шымкент қаласының наиб-имамы: Телефон арқылы көңіл айтқан дұрыс
ашық дереккөзі

Шымкент қаласының наиб-имамы Мұхамеджан Естеміров өмірден өткен адамның жақындарына телефонмен көңіл айтқан жөн екенін мәлімдеді. Себебі індет өршіп тұрған кезде көп адам жиналған жерге бару - аса қауіпті.

"Өздеріңізге белгілі пандемия қатарынан екінші жылға жалғасып отыр. Қаншама бауырларымыздан айырылып жатырмыз. Осы ретте мен халықты той-жиынға, асқа, жаназаға бармауға шақырамын. Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасындағылар арнайы пәтуа шығарды. Қазақта көңіл айту деген дәстүр бар. Ондай сәтте байланыс арқылы, телефон арқылы көңіл айтуға болады. Ол көңіл айту болып есептеледі. Бұның бәрі не үшін? Әрине, адам денсаулығы үшін. Бір жерге топтасып баратын болсаңыз, індетті жұқтырып алуыңыз мүмкін",- деді наиб-имам.
Бұл туралы nur.kz порталы жазды. Сонымен қатар ол вакцина алудың маңызды екенін де атап өткен.