«10 мың АҚШ долларын сұрайды»: Баян Алагөзова сатылатын атақтар туралы айтты

«10 мың АҚШ долларын сұрайды»: Баян Алагөзова сатылатын атақтар туралы айтты

«10 мың АҚШ долларын сұрайды»: Баян Алагөзова сатылатын атақтар туралы айтты
ашық дереккөзі
Бұл туралы Баян Мақсатқызы Динара Сәтжанның 100 сұхбат жобасында айтып берді. – Менің шәкіртім болған Жанар Дұғалова Türkvizyon – 2014 ән байқауын жеңіп алған соң, «Еңбек сіңірген қайраткер» атағын алды. Мен алған жоқпын. «Егер сенде бірнәрсе жоқ болса, сен оған әлі лайық емессің» деген ұстаныммен өмір сүремін. Жанар алды, соған лайық болған шығар. Мен алмадым, мен оған лайық болмаған шығармын. Мен бұл атақтың қалай келетінін білемін. Себебі жыл сайын менен 10 мың доллар ақша сұрайды. Бастапқыда 10 мың доллар болатын. Қазір 5 мың доллар екен. Солай атақты болып шыға келесің. Мен 20 жыл осы салада жұмыс істедім. Сөйте тұра мен оларға ақша беруім керек екен. Менде 5 мың да, 10 мың доллар да бар. Бірақ мен оны ешқашан сатып алмаймын. Маған ақшаға келген атақ керек емес. Мен оны әділ жолмен аламын. Сатып алғандардың бәрі өз ішінен оған лайық емес екенін біледі. Біреуі сатып алады, бірі жалынып, аяғына жығылып, не таныстар арқылы келісіп алады. Маған ондайдың бірі де керек емес», – дейді Мақсатқызы.