Балғынбек Имаш: Вакцина салдырдым, мен екпеге қарсы болған емеспін

Балғынбек Имаш: Вакцина салдырдым, мен екпеге қарсы болған емеспін

Балғынбек Имаш: Вакцина салдырдым, мен екпеге қарсы болған емеспін
ашық дереккөзі

Жақында «Ақын Балғынбек Имаш вакцина алмағандарға 500 баспана сыйлайды» деген ақпарат елді дүрліктірген еді. Nege.kz тілшісі айтыскер ақынға хабарласып, ақпараттың рас-өтірігін сұраған екен.

Тілшінің "Сіз екпеге қарсысыз ба?" деген сұрағына жауап берген ол өзінің вакцина алғанын, екпеге қарсы емес екенін, тек мәжбүрлі вакциналауды құптамайтынын айтыпты.
Кім айтты? Өтірік айтпашы. Өзім вакцина салдырдым. Мен вакцинаға қарсы емеспін. Тек мәжбүрлеуге қарсымын. Екеуінің айырмашылығы жер мен көктей. «Спутник V» екпесін алдым. Сондықтан менің сөзімді бұрмаламаңдар! Екпеге қарсы болған емеспін. «Ұтыс жариялап, вакцина алмағандарға 500 баспана сыйлаймын» деген сөзді де журналистер бұрмалап жіберген. Менің Инстаграмдағы парақшама кірсең, көресің. «Екпе алмағандарға, алса да желіге жарнамалап салмағандарға» деген сөз бар. Ал журналистер, түрлі пабликтер «Балғынбек екпе алмағандарға үй алып берейін деп жатыр» деп шығарып алды. «Екпе алмағандарға...» деген сөз жоқ мәтінде. Бұл да жала! Қазір шетінен сөзді бұрмалаудың шебері болып алған, - дейді айтыскер ақын.