Бес қалада жалған вакцина паспортын жасағандар ұсталды

Бес қалада жалған вакцина паспортын жасағандар ұсталды

Бес қалада жалған вакцина паспортын жасағандар ұсталды
ашық дереккөзі

Еліміздің бес қаласында жалған вакцина паспортын сатқандар ұсталды, деп хабарлайды 24.kz.

Жалған құжат жасаушылар Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Павлодар және Тараз қалаларында анықталған. Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, құжат 5 мыңнан 30 мың теңгеге дейінгі бағаға сатылған. Сатып алған 37 адам анықталды. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Басқа күдіктілерді анықтау бойынша жедел-тергеу шаралары жалғасып жатыр.