Жаңалықтар

Алғашқы қоңырауға тек 1-сынып оқушылары қатысады

ашық дереккөзі

Алғашқы қоңырауға тек 1-сынып оқушылары қатысады

1 қыркүйекте алғашқы қоңырау салтанаты тек 1-сынып оқушылары үшін өтеді. Бұл туралы Қазақстан білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. "Биыл мектептерде алғашқы қоңырау санитарлық нормаларды сақтай отырып, тек бірінші сынып оқушыларына өтеді. Балаларға "Әліппе" және "Букварь" сияқты алғашқы кітаптары табысталады. 2-11 сынып оқушыларына сынып сағаттары ұйымдастырылады", - деді министр Үкімет отырысында.