Жаңалықтар

Педагогтердің қанша пайызы вакцина алды – министр

Білім мекемелеріндегі педагогтердің 93,1 пайызы коронавирусқа қарсы вакцина алды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

«9 тамыздағы жағдай бойынша, білім мекемелеріндегі педагогтердің 93,1 пайызы және басқа қызметкерлердің 88,4 пайызы коронавирусқа қарсы вакцина алды. Студенттердің вакцина алуын ынталандыру бойынша университеттер арнайы іс-шараларды іске асырып жатыр. Оқу ақысын төмендету, ақысыз курстар ұйымдастыру, жолдамалар мен бағалы сыйлықтар беру сияқты бастамалар университеттерде кеңінен қолданылуда», – деді Асхат Аймағамбетов.

Министрдің дерегінше, жаңа оқу жылында педагогтердің қатарын 12 мыңнан астам жас маман толықтырады. Олардың басым бөлігі Ақтөбе, Түркістан, Жамбыл облыстарында жұмысқа кіріседі.

«Жаңа оқу жылындағы 1-сыныптың болжамды контингенті 380 мың бала болады деп есептейміз. Оның 97 пайызы электронды түрде 1 тамызға дейін құжаттарын тапсырды», – деді ол.

Back to top button