Коронавирус жұқтырғандардың 99,9 пайызы вакцина алмағандар – министр

Коронавирус жұқтырғандардың 99,9 пайызы вакцина алмағандар – министр

Коронавирус жұқтырғандардың 99,9 пайызы вакцина алмағандар – министр
ашық дереккөзі
Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты. «Бүгінде 5,9 млн адам 1 компонентпен егілді. Бұл – екпе алуға тиісті халықтың 59 пайызы. 2-компонентті екпе алуға қажетті халықтың 45,2 пайызы – шамамен 4,5 млн адам алды. Вакцинацияның 1-дозасымен ең төменгі қамту проценті Маңғыстау облысында байқалады. Өңірлер вакцинаның жеткілікті көлемімен қамтамасыз етілген. Вакцинаны жеткізу кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Вакцинацияның тиімділігін бағалау барысында аурудың 99,9 пайызы вакцина алмағандарға тиесілі екендігі анықталды. Бұл ретте вакцинациядан кейін ауырғандардың үлесі не бәрі 0,1 пайыз», - деді Алексей Цой. Министрдің дерегінше, екпе алмағандар арасында COVID-19-дан өлім-жітім үлесі 97,7 пайыз. Ал вакцинация алғандар арасында қайтыс болғандар 2,3 пайыз. Бұл ретте олардың ауыр созылмалы аурулары болғанын айту керек. «Бұл факті COVID-тің ауыр салдарының алдын алудағы вакцинацияның тиімділігін тағы бір мәрте дәлелдейді», - деді А.Цой.