Жаңалықтар

Ұялы телефон алған: Ақтөбеде банк қызметкері клиент атына несие рәсімдеген

Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны несиені өтеу мерзімінің өтіп кеткені туралы хабарлама алған соң, дереу полицияға жүгінеді. Тергеу барысында полиция қызметкерлері оны қарызға батырған банк қызметкерлерінің бірі екенін анықтаған.

Банктің 28 жастағы кредиттік кеңесшісі ұялы телефон сататын дүкенде жәбірленушіні алдап, тауар алуға кредит ресімдеген. Күдікті өз кінәсін мойындады.

Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

«Егер алаяқтық жолмен өз атаңызға несие рәсімделген болса, бірінші кезекте полицияға жүгіну керек. Екіншіден, несие рәсімдеген қаржы ұйымына өтініш жазу қажет. Онда сіз ақша алмағаныңызды, қаражаттан бас тартқаныңызды және ішкі тергеу жүргізуді сұрайсыз», – деді облыстық ПД бастығы Атығай Арыстанов.

Back to top button