Қазығұрттық диқандар жылыжайдан 20 мың тоннаға жуық көкөніс жинады

Қазығұрттық диқандар жылыжайдан 20 мың тоннаға жуық көкөніс жинады

Қазығұрттық диқандар жылыжайдан 20 мың тоннаға жуық көкөніс жинады
ашық дереккөзі

Қазығұрт ауданында бүгінде жылыжай көлемі 90 гектарға жетіп отыр. Осы маусымда аталған жылыжайдан қазығұрттық диқандар 19875 тонна  көкөніс, 4647 тонна бақша дақылдарын жинады. Мұнда әр маусымда 200-дей азамат еңбек етеді.

Таулы аймақта жылыжай салуда тұрбаттықтар озып тұр. Солардың бірі «Рахмат ата» шаруа қожалығы. Ел алғысына бөленген ұжым 20 азаматты жұмыспен қамтып отыр. Серіктестік 1,6 гектар жерде «Атия» қызанағы мен «Туми» қиярын егіп, бүгінде екінші кезеңнің дақылдарын жинауда.

Тұрбат ауылының халқы жылыжай шаруашылығын дамытуға бейімделген. Жиырма гектардан астам жердің әр гектарынан 100 тоннадан астам бау-бақша дақылдарын жинап алып отыр.

Айта кеткен жөн, аудан шаруалары отандық өнімді Шымкенттен бөлек, Алматы, Астана қалаларына жөнелтуде.

Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысы еліміздегі ең ірі ауыл шаруашылығы орталықтарының бірі болып табылады. Сонымен қатар, Қазақстандағы жылыжайлардың 87 пайызы осы біздің облыста орналасқан. Олардың жалпы көлемі 1 мың гектардан асады.