Жаңалықтар

Майя Манеза екінші сәбиін дүниеге әкелді

Ауыр атлет Майя Манеза екінші рет ана атанды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ол бұл туралы әлеуметтік желілердегі парақшасында хабарлаған.

«Бүгін – менің отбасымда өте маңызды, әсерлі және бақытты күн. Вячеслав екеуміз тағы бір сәбидің ата-анасы болдық. Алинамыздың салмағы – 4 келі, бойы – 54 сантиметр», – деп жазды ол.

Back to top button